Сенат депутаттары әскерилердің қызметімен танысты

Сенат депутаттары әскерилердің бір күндік қызметімен танысты.

68665 әскери бөлімінде жауынгерлерге жасалған жағдай көрсетілді. Атап айтсақ, казармадағы бейнебақылау жүйесінің жұмысы, сарбаздардың ата-аналарына бейнеқоңырау шалу тәртібі баяндалды. Сондай-ақ қару-жарақ бөлімі мен оқу базасы паш етілді. Бұдан соң сенаторлар әскери тәртіптің жай-күйі және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша отырыс өткізді. Сенатор Сергей Ершов әскердегі тәртіп тек жарғы талаптарын сақтау ғана емес, ұлттық қауіпсіздіктің негізі екенін атап өтті.