Қазақстан мен БҰҰ университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумға қол қойылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары – университет ректоры Чилидзи Марвала Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.