Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады 

Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ оқыңыз: