Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Бакудегі Grand Slam турнирінде қола үшін күреседі
Қазақстандық дзюдошы Ерасыл Қажыбаев Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қола жүлде үшін күреседі.
100 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі жұбаныш белдесуінде Қажыбаев түркиялық Ибрахим Татароғлудан басым түсіп, қола үшін таласуға мүмкіндік алды.
Финалда оның қарсыласы грузиялық Саба Инанейшвили болмақ.
Olympic.kz