Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингте 6-орынға көтерілді
Теннистен Қазақстанның ұлттық әйелдер командасы Billie Jean King Cup-тың жаңартылған әлемдік командалық рейтингінде 12-орыннан 6-орынға көтерілді, деп хабарлайды 24KZ ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл – біздің ұлттық әйелдер командасының тарихындағы ең жоғары нәтиже. Қазақстан құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Австралия, Жапония, Бельгия және Франция сияқты командаларды артта қалдырды.