Қазақстандық боксшы жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты

фото: olympic.kz

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сілтеме жасап.

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Марал алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.

Сондай-ақ оқыңыз: