Әлемде мұнай арзандай бастады

Brent маркасының бір баррелі 97 долларға, ал америкалық WTI шамамен 90 долларға төмендеген. Бұған Дональд Трамптың Иранмен арадағы қақтығыс аяқталуы мүмкін деген мәлімдемесі себеп болды. Ақ үй басшысының айтуынша, тараптар арасында келіссөз жалғасып жатқандықтан, Вашингтон әзірге ауқымды әскери іс-қимылдарды қайта бастағалы жатқан жоқ.

Қатар да дипломатиялық процестің жалғасып жатқанын растады. Дегенмен Таяу Шығыстағы жағдай әлі шиеленіскен күйде. Тегеран "екі танкердің минаға жарылып, өртенгенін және кейін тағы бір кеменің отқа оранғанын" хабарлады. Америкалық әскерилер, өз кезегінде теңіз блокадасын бұзып өтпек болған коммерциялық танкердің жойылғанын мәлімдеген. 

Сондай-ақ оқыңыз: