Елімізде жан басына шаққандағы ЖІӨ 15 мың доллардан асты

Елімізде жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 15 мың доллардан асты, деп хабарлайды 24KZ.

Соңғы 7 жылдағы өсім 53 пайызға жуықтаған. Экономиканың сан саласында да жетістік көп. Атап айтсақ, 2019-2025 жылдар аралығында тауар өндірісі 39 пайызға көбейсе, өңдеу өнеркәсібі 42, ауыл шаруашылығы 25,6, ал тау-кен өнеркәсібі 15 пайызға өсім көрсеткен. Ал негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 66 пайызға дейін ұлғайып, 23 жарым трлн теңгеге жетті. Жеті жыл ішінде Қазақстанға келген шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 155 млрд доллардан асқан.

Сондай-ақ оқыңыз: