Елде 3,4 мың км жаңа автожолдар салынып жатыр

Елде республикалық маңызға ие 3400 шақырым автожолды жаңадан салу және қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. «ҚазАвтожол» кәсіпорнының мәліметіне сүйенсек, ең ірі жобалар қатарында Ақтөбе-Ұлғайсын, Қарағанды-Жезқазған, Қызылорда-Сексеуіл, Бейнеу-Сексеуіл және Орталық-Батыс бағыттары бар.

Сонымен қатар 4 мың шақырымға жуық жолды орташа жөндеу және 324 шақырым жолды күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.