Ресей Украинамен келіссөздің үшінші кезеңіне дайын. Бұл туралы Минскіге Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына барған Кремль басшысы Владимир Путин мәлімдеді.
Елде 4871 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Оның 3 мыңнан астамы газет болса, 236-сы телеарна. Оған қоса, 98 радио мен 1231 ақпараттық сайт жұмыс істеп тұр.
Полипропилен өндіретін отандық «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc» (Қазақстан Петрокемикал Индастрис Инк) компаниясы Алматыдағы Ti.I (ТиАй) кәсіпорынымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Моңғолияға ресми сапары аясында осы елдің Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті.