Германияда Н. Тілендиевтің 100 жылдығына арналған кеш өтті
Қазақ әуені Майндағы Франкфурт көгінде қалықтады. Доктор Хох атындағы беделді консерватория залында композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды 24KZ.