Атырау облысы Сарытоғай ауылында 200 орындық Мәдениет үйі ашылды. Бүгінге дейін ауыл тұрғындары Кеңес Одағы кезінде тұрғызылып, тозығы жеткен ескі клубта бас қосатын.
Семейдегі оқу орындары балық шаруашылығын дамытуға ден қоя бастады. Жергілікті агробизнес колледжінің студенттері құбылмалы алабалық немесе бақтақ деп аталатын балық түрінің жүз мың шабағын өсіріп…
Елде жасанды интеллектінің ұлттық платформасы құрылады. Бұл мемлекеттік технологиялық инфрақұрылым жасанды интеллект жүйелерін әзірлеу, тестілеу және оқытумен айналысады.
Астанада Сот сараптама орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысы ұсталды. Олар 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Болгария Республикасының президенті Румен Радевті Азат ету күнімен құттықтап, осы елдің ұлттық мерекесіне орай құттықтау жеделхатын жолдады.
Қазақстан туристер көп келетін елдер қатарында 52-орынға көтерілді. Бұған дейін Дүниежүзілік экономикалық форумның Саяхат пен туризмді дамыту индексі бойынша 119 елдің ішінде 66-орында болған едік.