Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының мектептерінде тарих апталығы өтті. Викторина, пікірсайыс алаңдары мен сурет көрмелері ұйымдастырылып, оқушыларға Тәуелсіздік туралы мол мағлұмат берілді. Осындай танымдық шараның…
Конго Демократиялық Республикасындағы қарулы қақтығыстан мыңдаған босқын Бурунди еліне бас сауғалап жатыр. БҰҰ-ның мәліметтеріне қарағанда қазірдің өзінде көрші мемлекетте 200 мыңға жуық қоныс аударушы бар.
Домбыра мен сазсырнай Бельгияның Корольдік музыка аспаптары мұражайының төріне қойылды. Бастамаға Қазақстанның Бельгиядағы елшілігі мен «Алатау әуендері» концерттік ұйымы ұйытқы болды.
Қарқаралы ауданында әмбебап құтқару бөлімшесі іске қосылды. Енді қызметкерлер өрт сөндірумен қатар апаттық-құтқару, іздестіру және төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарын да атқарады. Сонымен бірге Қарқаралы…
Қазақстан құрамасының конькимен жүгіру спортындағы өкілі Надежда Морозова Норвегияның Хамар қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Биыл Астана прокуратурасы мемлекет пайдасына 5 млрд теңге өндірді. Алимент қарыздары бойынша шамамен 3 млрд теңге көлеміндегі өтемақы 5,5 мың балаға аударылды.
«Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру шеңберінде елордада «Халық заңгері» акциясы өтті. Науқан барысында қала тұрғындары заңгерлерден, адвокаттардан және мемлекеттік органдар өкілдерінен тегін кеңес алды.…
Жыл басынан бері қазақстандық шаруалар 25 мың бірлік техника сатып алды. Осылайша, агросектордағы машина-трактор паркі 6,5 пайызға жаңарды. Бұған мемлекеттің қолдауы оң ықпал етті.
Швейцариялық йодль ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Елдің мәдениет ведомствосының мәліметінше, бұл ән айту техникасы бірнеше ғасырлық тарихы мен өңірдің музыкалық мәдениетіндегі орны…
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Корея Республикасының Қазақстандағы елшісі Чжо Тэ-икпен кездесті.
Нидерландта қазақстандық композитор Рахат-Би Әбдісағинның фортепианолық концерті аншлагпен өтті. Жерлесіміз кванттық механикадағы айтулы оқиға - электрон спинының ашылуына 100 жыл толуына арналған симпозиумға құрметті қонақ…
Қазақ-қытай жазушылары тарихи келісім жасасты. Енді екі елдің қаламгерлері өзара тәжірибе алмасып ортақ жобаларды жүзеге асырады. «Бұл шығармашылық алмасуды дамытып, әдебиет пен мәдениет саласындағы ынтымақты…
Шығыс Қазақстан облысында елдегі тұңғыш медициналық имплантат өндірісі іске қосылады. Сарапшылардың айтуынша, бұл отандық медицинаның дамуына тың серпіліс береді. Себебі буындарды алмастырып, сүйек құрылымдарын қалпына…