Бүгін елдің басым бөлігінде қар түсіп, боран соғып тұр. Астанада желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, рейстер кешігіп жатыр, деп хабарлайды 24kz.
Биыл астық мол. Сол себепті баға да арзандаған. Ақмолалық шаруалар: «Қазір бидайымызды сата алмай отырмыз», - дейді. Өнім көп болған соң элеваторларда орын да тапшы.
Азияның ең үздік университеттерінің жаңартылған рейтингінде еліміздің 22 жоғары оқу орны былтырға қарағанда өз позицияларын жақсартты, деп хабарлайды 24kz.
АҚШ вице-президенті Камала Харрис Вашингтондағы Ховард университетінде жақтаушылары алдында сөз сөйлеп, президенттік доданың нәтижесімен келісетінін мәлімдеді.