Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2 наурызға дейін Қазақстанның авиациялық әкімшілігі жедел штабы базасында «жедел желі» жұмыс істейтіндігін тағы да айта кетейік.
Елдегі әуе компаниялары мен «Қазақстан темір жолы» бүгін түнде жолға шығатын жолаушыларға әуежайлар мен вокзалдарға рейс жөнелтілетін уақыттан әлдеқайда ертерек келуге кеңес береді.