Бүгін – Радио күні. 2021 жылы Қазақ радиосының 100 жылдық мерейтойын атап өту кезінде Мемлекет басшысы 1 қазанды Радио қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп белгілеуді ұсынған.
«Ливандағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты осы елдегі Қазақстан азаматтарын қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз ұстануға шақырамыз». Қазақстанның Ливандағы елшілігі осындай үндеу жолдады.
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен қытай халқын ҚХР-дың құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.