Өзбекстанның Хиуа қаласында қауынның халықаралық фестивалі өтіп жатыр. Іс-шара аясында басқа да ұлттық тағамдар көрмеге қойылған. Қолөнер жәрмеңкесі де ұйымдастырылды.
Қазан айында Атырау қаласындағы орталық вокзалдағы жаңғырту жұмыстары аяқталады. Жоба бойынша вокзал ғимаратымен бірге екі жолаушылар платформасы толық жаңарады.
Қытай үкіметі қауіп-қатердің ең жоғары "қызыл" деңгейін жариялады. "Ассошиэйтед Пресс" агенттігінің хабарлауынша, елге ертең жойқын "Дельфин" тайфуны жетеді.
Иран АҚШ-пен түпкілікті келісімге келу шартын жариялады. Бұл үшін Штаттар парсы еліне қатысты саясатын түбегейлі өзгертіп, қол қойылған меморандум аясында бейбітшілік талаптарын бұлжытпай ұстануы керек.