Қазақстанда алғаш рет өндіріс процесі үздіксіз жүретін кәсіпорындарда сайлау учаскелері ашылып жатыр. Бұл жаңашылдық алғашқылардың бірі болып Қарағанды облысында енгізілді.
Құрылтай сайлауына түсетін партиялар қала мен ауыл-аудандарды аралауын жалғастырып келеді. Саяси бірлестік мүшелері тұрғындарға сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жүр.
Гарвард, Оксфорд, Кембридж студенттері Алматыда бас қосты. Олар тұңғыш рет университеттер арасындағы шахматтан командалық әлем чемпионатының финалында бақ сынайды.
Қазақстанда ветеринария саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Жоспарды жүзеге асыруға 145 миллиард теңгеге жуық қаржы қарастырылған.
Еуропадағы аптап ыстық экономикаға қыруар шығын әкелді. Кәрі құрлықта егін бітік шықпады, өнімділік төмендеді. Енді азық-түлік бағасы қымбаттауы мүмкін.
Биыл Шымкентте 733 адамды кене шаққан. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала аумағында кезекті залалсыздандыру жұмыстарын қолға алды.
Жаңадан шыққан отандық өнімдер енді «жасыл сөрелерден» табылады. Қазақстанда жасалған тауарлар сауда желілеріндегі ең өтімді сөрелерге қойылып, арнайы таңбаланады.
Асық ату, тоғызқұмалақ және ұлттық биден дәстүрлі жарыс цифрлық кеңістікте жаңғырды. Астанада Ethnophygital деп аталатын халықаралық жарыс ұйымдастырылды.
Ұлытау облысында ұйымдасқан барымташы топ құрықталды. Полицияның мәліметінше, 4 адамнан тұратын күдікті соңғы екі жылда Жаңаарқа ауданында жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан.
Өскемендік прокурорлар қоғамдық тамақтану орындары мен дүкендерде арнайы рейд жүргізді. Нәтижесінде 25 кәсіпкерлік субъектісінде жасөспірімдердің еңбек келісім шартынсыз және уақыт есебінсіз жұмыс істегені анықталды.