Алдағы Құрылтай сайлауына қатысатын саяси партия өкілдері бір алаңда бас қосты. Алғашқы ұлттық теледебат Алматы қаласындағы «Qazaqstan» телеарнасының жаңа медиакешенінің Sky студиясында өтті.
Бір пәтердің бірнеше қожайыны бар боп шықты. Баспанасын адал еңбегімен тапқан қаражатына сатып алған тұрғындар енді өз мүлкінің заңды иесі екенін дәлелдей алмай жүр.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.
Алматылық зейнеткер көпқабатты үйдің ауласын нағыз ботаникалық баққа айналдырды. Владимир Стариков 15 жылдан бері аумақты өз күшімен абаттандырып келеді.
Өңірдегі жеті жылу орталығында негізгі жабдықтар және қала-аудандарда жылу желілері жаңарады. Дегенмен энергия көздерінің бірі әлі де тәуекел аймағында қалып отыр.
29 шілде – 9 тамыз аралығында Астана қаласында алғаш рет киберспорт пен спорттың дәстүрлі түрлерін және жаңа технологияны ұштастырған халықаралық турнир өтеді.