Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды. Мемлекет басшысын «Ташкент-Хумо» әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.
Астанада «Сенім» атты ақша тарихына арналған музей ашылды. Астана халықаралық қаржы орталығы аумағында орналасқан мұражайда тас ғасырынан бастап қазіргі заманға дейінгі ақшаның трансформациясын көрсететін жәдігерлер…
Мемлекет басшысы Орталық Азияның көлік жүйесін дамытудың кешенді стратегиясын бірлесіп әзірлеуді ұсынды. Бұл аймақтың әлеуетін одан әрі нығайту үшін маңызды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты. Мемлекет басшысы Саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты.
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының лидері Михаил Шайдоров АҚШ-тың Лэйк-Плэсид қаласында өткен Гран-при кезеңінде екінші орынға ие болды, деп хабарлайды 24KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бөбекжай тәрбиеленушілері даңғыра, асатаяқ, тұяқтас секілді ұрмалы музыкалық аспаптарда еркін ойнайды. Төрт-бес жастағы өнерпаздар облыстық, республикалық байқауларда жүлде алып жүр.
Тесла компаниясы АҚШ-тағы көлік өндірісінде қытайлық бөлшектерді пайдаланбайды. Алдағы екі жылда олар толықтай басқа елдерде өндірілген автобөлшектерге көшуге ниет білдіріп отыр.
Францияда шарап өндірушілер наразылық акциясын ұйымдастырды. Кейінгі кезде өндіріс шығындары өсіп, шарап бағасы күрт төмендеген. Бас көтергендер: «Елдегі ыстық пен құрғақшылық екінші жыл қатарынан егінді…
Жапония премьер-министрі Санаэ Такаити ядролық қаруға қарсы үш жапон қағидасын қайта қарауға ниетті. Мәселе алдымен либералдық-демократиялық партия ішінде талқыланады.
Иран астанасы Тегерандағы ауызсу дағдарысы күннен-күнге ушығып барады. 10 миллионнан аса тұрғыны бар қала тіршілік нәрі тапшылығынан өмір сүруге жарамсыз болып қалуы мүмкін.