Бүгін күллі әлем назары алпауыт АҚШ-қа ауды. Америкада тарихи сәт. Елдің 47-ші Президенті Дональд Трамп мыңдаған халықтың алдында ант қабылдап, тұғырлы тағына қайта отырды.
Перуде үлкен ақ акуланың атасы табылды. Оған 9 млн жыл болған. Алып балық Тынық мұхитының оңтүстігіндегі суларды мекендеген, майшабақ тұқымдас кішкентай сардиналарды жегенді ұнатқан.
Атырау облысының Мақат ауданында апатты үй көбейіп барады. Кейбірінің іргетасы ғасырдан астам бұрын тұрғызылған. Осыған байланысты ауданда 80 пәтерлі екі үйдің құрылысы басталды.
Абай облысындағы Малтүгел ауылының тұрғындары тұщы суды 90 жыл бойы өзеннен тұтынып отыр. Елдімекенге су құбырын тарту жұмыстары бес жыл бұрын басталып, сол беті аяқсыз…