Бүгін Дональд Трамп АҚШ-тың 47-ші президенті болып билікке оралады. Америкалықтар ішкі саясат пен экономикалық жағдайдағы оң өзгерістерге үміт етсе, әлем жұртшылығы АҚШ-тың сыртқы саясаты қалай…
Сирияда Башар Асад билігі құлаған соң 200 мыңнан астам адам отанына оралды. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі басшысы Филиппо Гранди мәлімдеді.
Олар 24, 28 және 31 жастағы қыздар. ХАМАС оларды «Қызыл крест» халықаралық ұйымына табыстады. Бұл ХАМАС пен Израиль арасындағы келісімнің бірінші кезеңінің талабына жатады.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы шпагамен семсерлесуден Бахрейннің Манама қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов «Северный» сауда-логистикалық орталығына барып, азық-түлік өнімдерінің бағасын тексерді, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі. Бүгін орталыққа Көкпекті ауданының шаруалары кезекті…
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында Абай облысының ауылдарында 62 стационарлық медициналық нысан пайдалануға берілді, деп хабарлайды Абай облысының әкімдігі. Қазіргі уақытта оларды…
Атырау облысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 9 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады, деп хабарлайды 24KZ. 3 колледжге 750 орындық жатақхана салынады. Сондай-ақ тағы 3 оқу ордасында…