Бүгін Әзербайжанда аза тұту күні. Бауырлас ел 25 желтоқсанда Баку-Грозный бағыты бойынша ұшып бара жатқан Embraer 190 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қара жамылды.
Шығыс Қазақстанда заңсыз сатылымға түскен 200 қорап пиротехникалық бұйым тәркіленді. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша бұл қауіпті заттар Өскеменнің қақ ортасында саудаланған.
Қостанайда 29 адам орталық сырғанақта түрлі жарақат алған. Алты бала миы шайқалып, бас сүйегі зақымданған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды. Тіпті бір жеткіншек жансақтау бөліміне түскен.…