Ұшақ апатының себеп-салдарын тергеу мақсатында Әзербайжаннан Қазақстанға арнайы делегация жіберілді. Бұл туралы Азертадж ақпараттық агенттігі хабарлады.
Үкімет қаулысымен Ақтау қаласы әуежайының маңында болған Az Airlines әуе компаниясының Embraer 190 ұшағының апатқа ұшырау себептерін тексеру бойынша Үкіметтік комиссия құрылды.